Демалыс күні қала тұрғындары «масленица» мерекесін атап өтті. Ұлт пен ұлысқа бөлінбеген балқаштықтар мәдениет сарайының алаңына жиналып, қысты шығарып салды.
Жексенбі күні кыстың соңғы айын шығарып салып, көктемнің шуақты күндерін қарсы алу мейрамы мәдениет сарайының алаңында өтті. Онда жиналған жұртшылық ұлттық нақышта киімдер киіп, мерекенің сәнін келтірді.
Масленица – құймақ пісіріп, көңілді ойындармен қысты шығарып салуға арналған ежелгі славян мерекелерінің бірі. Оны этно мәдени орталықтар мен өнерпаздар сахна төрінде концерттік бағдарламамен көрсетті.
Кейін жиналған қауым өзара сайыс ұйымдастырды.Бір-біріне көтеріңкі көңіл- күй сыйлап, бойларын бір сергітіп алды. Және барлығы мерекелік дәмді құймақтан ауыз тиді.
Соңғы екі жылда тойланбаған масленицаны осылайша балқаштықтар қуана тойлады. Дәстүр бойынша ортаға от жағып, жылы күндерді шақырды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login