Балқаштағы коммуналдық  мекемелердің  біріне  800 мың теңге   айыппұл салынды

Балқаштағы коммуналдық  мекемелердің  біріне  800 мың теңге   айыппұл салынды.Және жұмыстан заңсыз шығарып жіберген маманды қайтып қызметке қабылдасын деген бұйрық шықты. Мұндай шешімді  жергілікті судья жария етті. Ал бұл іс  былай басталды.  Қалалық сотқа  заңсыз  жұмыстан  шығып   қалған әйел арыз жазады. Кейін сот кәсіпорын  басшысы бұрынғы   қызметкерін  қайтып жұмысқа  қабылдасын деген  үкім  шығарады. Алайда, аяқ-асты тексеріс  кезінде  аталмыш   мекеме  сот бұйрығын орындамағаны анықталды. Және сол үшін 800мың  теңге айыппұл салынды. Онымен қоса, бұрынғы  маманды қызметке  қабылдап,  650 мыңнан астам  еңбекақысын  өтеуге,20 мың теңге   моральді   шығынды төлеуге міндеттелді.  Бірақ, сот үкімі  әлі  өз күшіне енген жоқ.

Ләззат  Сағымбекова- қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрайымы

«Шығарылған заң күшіне енгеннен кейін  кәсіпорын  салынған айыппұлды  30 күннің  ішінде  төлеуі тиіс.Қазіргі  күні заң  күшіне енген жоқ.Сондықтан   шағым түсіре алады».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture