Нөмір 16 мектептің қыздары волейбол спортынан чемпион атанды. Тәуелсіздік күнінде оқушылар өздеріне осындай сый жасады. Финалдық ойын дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өтті. Оған 4 команда қатысты. Үшінші орынға нөмір 17 мен 1 мектептің спортшылар таласып,1 мектеп қолаға қол жеткізді. Ал чемпион атағын 16 мен 7 мектеп гимназиясының өкілдері таразыға салды. Спортшылар тер төгіп, үздік атануға барынша тырысты. Бірақ, 2:0 ұпаймен 16 мектептің қыздары бірінші орын алды.
Ізбасар Шәкенов–қалалық спорт бөлімінің жетекшісі:«Биылғы жылғы қыздардың ойындары өте тартысты болды.Өйткені біздің қаламызда волейбол асациясы жұмыс жасайды.0519 Жанағы айткандай ақтық ойындар өте жоғарғы деңгейде өтті.Екі командада жеңісті қолдан бермеуге тырысты.Алайда, 16 мектеп жеңіске жетті».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login