Қорытынды жаңалықтар 15 желтоқсан

1.Балқашта әр түрлі саладағы жылдың үздік мамандары анықталды. Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты жиында номинация иегерлерін қала әкімі марапаттады.

2. Көлікті басқарған балқаштық тұрғын жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Қазір жүргізуші іздестірілуде. Жол апаты кеше түнгі сағат 11-де Рысқұлов көшесінің бойында болды. 67 жастағы зейнеткерді жол ортасынан өтіп бара жатқанда көлік қағып кеткен.

3. Балқашта студент ашық құдықа құлап, ауруханаға түсті. Оқиға Қоңырат мөлтек ауданында болды. Студент кешкісін сағат 10 дар шамасында Горняцкий көшесінің бойымен үйіне қайтады. Жарық тартылмаған көше, қараңғы болған. Содан жол бойында ашық жатқан шұңқырды, байқамай құлап түседі.

4. Мұз үстінде қалып қойған балқаштықтар құтқарылды. Мамандар 3 балықшыны 40 минут іздеп, аман-есен жағаға жеткізді. 29,32 және 43 жастағы үш тұрғын «Ақ тас» аймағынан жаяу балық аулауға шыққан. Өздерімен бірге тек қармақ қана алыпты.

5. Қоңырат мөлтек ауданында ондаған отбасы өз үйлерінде тоңып отыр. Тұрғындардың айтуынша, жылу бар болғанымен, тым әлсіз. Соның салдарынан пәтерлері суып кеткен. Оның үстіне қыста қаһарына мінді.

6. Погондағы таланттар. Бүгін полиция және прокуратура мен әскери бөлім қызметкерлері өзддерінің өнерін көрсетті. Тәуелсіздік күніне орай мәдениет срайында мықты жанұя атты байқау өтті.

7. Балқаштықтар электронды ақша жүйесіне көшіп, қаржыларын криптавалютаға ауыстырмақ ниетте. Биткойнерлер, яғни осындай ақшаның түрін қалайтын жандар бұл табысты сақтаудың ең тиімді жолы дейді. Өйткені, жиналған құнды қағаздың бағасын өсіріп, кірісті молынан табуға мүмкіндік бар дегенге сенімді.

8. Балқашта ең үздік жаңа жылдық костюмге байқау жарияланды. Ерекше киімнің авторына бағалық сыйлық табыс етілмек. Ал шараға қатысу үшін мәдениет сарайына барып, өтініш беру керек. Байқаудың шарттарына тоқтала кетсек. Біріншісі костюм автордың өз туындысы болуы тиіс, дүкеннен сатып алынған киімдер қабылданбайды.

9.Шаһарда соңғы 5 жылда тұрғызылмаған мұз қалашығы пайда болады. Орталық алаң жаңа жылға дейін ертегі әлеміне айналмақ. Онда студенттер мен оқушылар, кәсіпкерлер 40-қа жуық мұздан мүсіндер жасамақ ниетте.

10. Қысқы спортқа жақын жандар үшін жағымды жаңалық.Ертең қаламыздағы басты мұз айдыны өз жұмысын бастайды. Мысшылар стадион кешенінің артында орналасқан сырғанақ сағат 1-ден бастап тұрғындарды қабылдауға дайын.

11. Қыс қаһарына мініп, аязды күндер келді. Ал мұндай ауарайында тоңып, үспеу үшін не істеу керек? Бүгін біздің тілшілер қақаған қыста далада жұмыс істейтін тұрғындармен кездесіп, қатып қалмаудың сырын білуге тырысты.
12. Бокстан қалалық турнир басталды.Оған Приозерск, Шашубай, Балқаш қаласынан жиналған 140 спортшы қатысуда. Жасөспірімдер 33 келі салмақ дәрежелеріне бөлініп үш күн бойы шаршы алаңда жұдырықтаспақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture