Балқашта Тұңғыш Президент күніне орай алып торт пісірілді

Жылдағы дәстүр бойынша қала тұрғындары алып торттан дәм татты. Тұңғыш Президент күніне орай пісірілген тәттінің ұзындығы 3 метр.Үш бөлікке  бөлінген   тортты  жасау үшін  Яна  Снегирева   6  сағат  уақыт  жұмсаған. Ең  бірінші  15  дана бисквитті  пісіріп алыпты. Ол үшін 10 келі  ұн, 150 жұмыртқа, 20келі  майлы кремді әзірлеген.  Екі қабаттан тұратын тәтті сыйдың бірінші бөлігіне көлемі 60*30 болатын, мастикадан жасалған Елбасының  суретін  жапсырылды.  Екіншісіне креммен туды бейнеленген. Ал  вафелді қағазбен алтын адамды сомдапты.

Яна Снегирева-кондитер

«Тортты 3 метрлі  қылып жасау   қиын болды. Оны  бір-біріне  жабыстыру уақытты  алды.Бірақ бір күннің  ішінде 6 сағатта  бітірдім. Тек Президенттің  суретін  қантты  мастикадан   әзірлеу  үшін Қарағандыға тапсырыс  бердім. Дәмді шықты  деген ойдамын.»

Мерекелік   торттан  форумнан  шыққан  тұрғындар  ауыз тиді. Тәтті  көпшіліктің көңілінен  шықты.

«Магазиннен  алып  жүрген торттардан ерекше. Өтірік  айтпаймын. Дәмді.Бәрі  дұрыс салынған.Қантыда  қатты  емес».

«Бүгінгі мерекелік  концерттен шығып   мерекелік  торттан  дәм ауыз тиіп жатырмыз. Өте дәмді. Тегін  таратып,  елдердің  көңілдерін көтеріп жатыр».

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture