Балқаш әкімі ұзақ өмір сүрушілерді Президент күнімен құттықтады

 

Қала әкімі форумнан кейін ұзақ өмір сүрушілерді Тұңғыш Президент  құттықтады. Қарттарға жылы лебізін білдіріп, әкелген сыйын тарту етті. Александр Аглиулин бірінші болып Козарь Марияның үйіне бас сұқты. Әже 97 жаста. Жұмысқа ерте араласып, Семей қаласы Ұржар ауданында нұсқаушы қызметін атқарған. 27 жыл бойы талмай еңбек етеді. Ал Балқашқа тәуелсіздік алған жылы көшіп келген. Қазір  қызымен біре 2 немере, 3 шөбере, 3 шөпшектің қызығын қызықтауда.

Мария Козарь-қала тұрғыны

«Ұзақ жасауымның сыры еңбекте деп ойлаймын. Күн-түн демей еңбек еттік. Соғысқа дейінде, кейінде. Егер денсаулығым болса қазірде жұмыс жасар едім.

Ал бұл отбасыда жаңа жылда екі мереке. Алла қаласа Данагүл Құрбанбаева 1 қаңтарда 100 ге толады. Бір ғасыр өмір сүрген қария соғысты да, жоқшылықты да көрген. Басынан өткен ешбір қиындыққа жасымай,  35 жыл бойы Өзбекстанда мақта жинаушы болып жұмыс атқарады. Балқашқа 2002 жылы келіпті. Қазір шөберелерінің қолынан су ішіп отырған бақытты әже.Қала әкімі ұзақ жасаушыларға мультиварка мен азық-түлік қоржынын тарту етті.

Данагүл Құрбанбаева-қала тұрғыны

«Бәрін көрдім. Баспаған тауым, бармаған жерім қалмады. Істемеген жұмысым жоқ.Ұзақ өмір сүру құдайдың қолында ғой. Асарымды асып, жасарымды жасадым.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture