Жұмыссыз жүрген балқаштықтар мемлекеттік бағдарлама бойынша аспазшы мамандығын меңгеруде. Қазіргі таңда Балқаш Сервис колледжінде 50 адам түрлі тағамдарды пісіріп үйреніп жүр. Курс аяқталғаннан кейін, сертификатқа ие болады. Кейін сол бойынша жұмысқа орналаса алады.
Бүгін курсқа қатысушылар тауық етінен орама жасамақ. Ол үшін сүйектен етті бөліп алып, оған майонез, сарымсақ және тұз бен бұрыш қосып 30 мин маринадттауға қояды. Одан кейін ортасына сәбіз салып, орау қажет. Сәбіздің орнына қалауыңызша саңырауқұлақ немесе ірімшікте қолдануға болады.
Жанна Досмағұлова -Сервис колледжінің өндірістік оқу бөлімінің шебері
«Ең бастысы сүйектен етен бөліп алған кезде өте мұқият болу қажет. Кейін аспаздық балғамен ұрғылап, бетін тегістеп аламыз. Курсқа қатысушылар мұның бәрін теория жүзінде меігерген. Енді практикада істеп көруде.
Ораманың үстіне қатқан нанның үгіндісі себіледі. Ал дайындау үшін пешті 200 градусқа қыздырып, 25-30 мин пісіреміз. Дайын болған асты турап, тарелкеге саларда, әрлеуді де ұмытпау қажет.
Ал бұл үстелге курсқа қатысушылардың өздері дайындап әкелген тағамдары қойылған. Бұл олардың үй тапсырмалары. Бірі бауырсақ, бірі манты, бірі тәтті бәліш пісірген. Арасында салат та бар. Мысалы, Айгүл Бимурзина бауырдан торт дайындапты.
Айгул Бимурзина– курсқа қатысушы
« Мерекелік дастарханға қоюға өте сәнді. Өте дәмі. Бұл тортты осы жерде оқып жүргенде осы оқу орнының технологиясымен дайындағанмын. Көп затты әлі үйренемін деп ойлаймын.
Қайта оқыту курсына 30 адам жазылған. Оқу аяқталғанан кейін әрқайсына сертификат табысталады. Сол бойынша жұмыссыз жүрген балқаштықтар қызметке орналасады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login