Қаламызда тағы бір субұрқақ пайда болды. Мәдениет сарайының артында мысшы шаһардың символын суреттейтін фонтанды орнату жұмыстары басталды. Көріп тұрғандарыңыздай, мұнда ішіне қайнаған мыс құйылатын шөміш орнатылған. Ыдыс түпнұсқасынан айнытпай салынған. Көлемі 6 куб метрді құрайды. Шыны талшық метериалдан жасалған. Кейін оның ішіне жарықтар орнатылып, су аққанда түрлі-түске боялады.Ал фонтанның аумағына 120 шаршы метрге жететін италияндық кафель жапсырылған. Жан-жағы гранитпен қапталған. Коммунакация үшін 250 метр құбыр тартылды. Және мұның барлығына 15 млн-дай қаржы жұмсалды.
Берік Алипов- мердігер
«Балқаш мысты қала болған соң осындай фонтанды орнату идеясы туындады.Қажетті материалдардың көбісі Алматы қаласынан жеткізілді.Қазір плиталарды орнатып, құбырларды тартып жатырмыз. Монтаждық жұмыстар 10 қарашаға дейін аяқталады. Келер жылы іске қосылады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login