Қала көшелеріне брюсчатка төсеп жатқан балқаштық мердігер қала әкімінің қара тізіміне енді. Анықталғандай ол сапасыз тауарды қолданған. Әрі бекітілген мерзімнен біршама қалыс қалған. Бүгін шаһар жетекшілері қалада жүргізіліп жатқан құрылыс барысын талқылады. Жиынға келген мердігер фирмалардың барлығы дерлік сынның астында қалды.
Мектептерге жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан мердігерлер бүгін алғаш рет қатаң ескерту алды. Себебі, құрылыс қарқыны жай. Егер, мезгілінде үлгермейтін болса айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Ағыбай батыр көшесіндегі 33 құдықтың жыры әлі бітпеген. Анықталғандай, ауыстырылған қақпақтар асфальт төсеуге жарамсыз. Мұндай мәлімдеме, қала басшыларын одан әрі ашуландырды.
Ал, «Асар» фирмасы қалалық әкімдіктің қара тізіміне енді. Тротуар салып жатқан ұйымның жұмысы бүгін сынның астында қалды. Мамандар стандартқа сай емес топырақ қолданып, брюсчатка төсеу технологиясын сақтамаған.
Мердігер компаниялар бір ай ішінде барлық құрылыс жұмыстарын аяқтап, өткізулері тиіс. Алайда, оған дейін мұндай бірнеше жиын өтпек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login