Балқашта алғаш рет жамбас сан буынын энтопротездеу операциясы жасалды.Науқастың зақымданған сүйегі имплантаттың көмегімен ауыстырылды. Қалада бұрын-соңды жүргізілмеген мұндай отаны Қарағандылық Макажанов клиникасынан келген білікті мамандар өткізді. Шеберлік сағатқа жергілікті дәрігерлер қатысты. Бірінші операция ер адамға жасалды. Қала тұрғыны қыстан бері буын ауруларына шағымданып, өз бетімен жүріп-тұрудан қалған болатын. Тек қана таяқтың көмегімен қозғала алды. Ал оған дәрігерлер артроз диагнозын қойып, протездеу отасын жасауға кеңес берді. Нәтижесінде , науқастың сырқат буыны металдан жасалған буынға ауыстырылды. Жаңа протез кем дегенде 15-20 жыл үздіксіз қызмет ететін болады. Егерде науқас барлық талапты сақтайтын болса.
Берік Түлеубаев – Х.Макажанов атындағы клиника директорының орынбасары
«Науқасқа тотальденді протез цементті фиксациясымен жасалды.Енді ол жаңадан жасалған операциялардың бірі.0736 Операцияның ерекшелігі науқас бұрынғы жағдайына келеді. Қалпына.Ортан жілік.Ауырсыну пайда болмайды.Шектелу болмайды буында.Ерекшелік сол».
Мұндай отадан кейін науқас бір күннен аяққа тұрып, 6 аптадан соң қалыпты тіршілігіне кірісетін болатын. Бірақ толық сауығып кету үшін міндетті түрде дәрігердің нұсқауларын орындап, арнайы жаттығуларды жасауы тиіс. Енді бүгін бірінші рет қалада жасалған мұндай шеберлік -сағат оталары ай сайын жүргізіледі деп жоспарлануда.
Мақсат Нұртазин – травматология бөлімшесінің меңгерушісі
«Бұл тиімділігі жоғары, күрделі операция. Ол үшін мол тәжірибе, арнайы құрылғы керек. Өмір бойы буындарымен сырқат жандар үшін таптырмас мүмкіндік. Осы ота арқылы аяққа тұрып кетуге болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login