Облыстан келген прокуратура қызметкері балқаштықтардың сұрағына жауап берді

Балқашқа облыстық құқықтық статистика комитеті басқармасы басшысының орынбасары келді. Тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беру мақсатымен. Зейнеткер Лидия Бурцева бұл жерге әділеттік іздеп келген. Айтуынша, Арман саяжай қоғамдастығының төрайымы былтыр саяжайшылардан су мен электр энергиясы үшін ақша жинаған. Алайда, зейнеткердің айтуынша суару жүйесі кейде бар, кейде жоқ. Ал, көктемнен бері тоқсыз отыр. Анықталғандай, қоғамдастықтың «Қазэнерго» мекемесінің алдындағы қарызы 2 млн-ға дейін жеткен. Енді олар тек жарықсыз ғана емес сусыз да қалуы мүмкін.

Облыстан келген прокурордың қабылдауына 10 адам жазылыпты. Көбісі баспана және әлеуметтік сұрақ бойынша келген. Кейбір сауалдарға әкімдіктен келген мамандар жауап берді. Ал, жалпы кездесу барысында бірнеше өтініш қабылданып, біраз мәселе бақылауға алынды.

Елжан Нілдібаев – облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқарма басшысының орынбасары
«Біз мұндай кездесулерді жиі өткізуге тырысамыз. Себебі адамдардың құқықтық білімін арттыруымыз керек. Әр адам өзінің қандай құқығы бар екенін және оның заң жүзінде қорғалатынын білуі қажет».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture