Балқашта мерейлі отбасы байқауының жеңімпаздары анықталды. Халықаралық отбасы күнінде мәдениет сарайында үздіктерді марапаттау рәсімі өтті.
Бас жүлде Батырбековтер әулетіне берілді. Үйдің отағасы Марат теміржолшы. Бұл салаға өзінің 36 жылын арнаған. Жары Балғайша екеуі 7 баланың ата-анасы. Ал, бірінші орын Жоламантовтар отбасына бұйырды. Әулеттің үлкені 83 жастағы тыл еңбеккері. Жарты ғасырдан астам отасқан жұбайы 82 жаста. Еңбек ардагері әрі алтын алқа иегері. Екі қарт 8 бала, 57 немере мен шөбере сүйіп отыр. Екінші орынды Лебедко отбасы жеңіп алды. Ерлі зайыптылар Сары Қазына өндірісінде жұмыс істейді. Бірі есепші болса, бірі айти саласының маманы. Мектепте оқитын екі ұлдары бар. Үшінші жүлделі орынды Ракишевтер жанұясы иеленді.
Халықаралық жанұя күнінде жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлар да құттықтау қабыл алды. Оларға қаланың бас сахнасында алғашқы отбасылық құжаттары табыс етілді. Сонымен бірге, салтанатты шарада жақында нәрестелі болған 4 жанұяға туу туралы куәлік берілді.
Тоғайбек Дүйсекенов – қала тұрғыны
«Бірінші тұңғыш немерем 7 мамыр күні туды. ҚР әскерінің 25 жылдығына сыйлық жасап отыр. Аты Нұрайым. Атын өзім қойдым. Әрқашан нұрланып жүрсін деп.»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login