Отан қорғаушылар күні қарсаңында қаланың бір топ әскери қызметкерлері мен құқық қорғау саласының мықтылары марапатталды. Мәдениет сарайында өткен дәстүрлі шарада алғаш болып қала әкімі Александр Аглиулин сөз сөйлеп, құттықтау лебізін білдірді. Өңір басшысы еңбектері ерлікке лайықты деп бағаланған 20 әскери саланың мамандарына «Құрмет грамотасын» табыс етті. Әскери қызметте жоғарғы жауапкершілікті танытқан 6 азаматқа алғыс жариялады. Сондай-ақ Балқаш әскери гранизон бастығы Тимур Еспағанбетов Қазақстанның қарулы күштерінің 25 жылдығына орай Юрий Касатовты мерейтойлық төс белгімен, 5 әскери қызметкерді 2-ші дәрежелі мінсіз еңбегі үшін медалдарымен марапаттады. Сонымен қатар екі азаматша жаңа атаққа ие болды. Ал марапаттау рәсімінен кейін 20 болашақ сарбазға Ауған соғысының ардагерлері бас киімдерін табыс етті.
Мирали Балпықов- Қалалық гимназияның алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
« ІІМ Қылмыстық атқару жүйесінде 17 жыл қызмет атқардым.Қызметім біткеннен кейін дербестік зейнеткерлікке шығып, қалалық гимназиясында алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ бергеніме 5 жыл болды. Біздің мәндетіміз жас жеткіншектерді тәрбиелеп, әскер қатарына тағайындау».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login