Үздіктер қатары артуда!

Шаһарымызда жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық және облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты шара Оқушылар сарайында өтті.

Шаһарымызда пәндік олимпиаданың қалалық кезеңі желтоқсан айында өткен болатын. Оған қала мектептерінің 9 және 11 сынып оқушылары қатысты.  Пәндік олимпиаданың тапсырмаларын «Сарыарқа дарыны» республикалық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген. Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша үздіктер салтанатты түрде марапатталды.

Айзат Жанатова №16 орта мектеп оқушысы: «Қалалық кезеңде мен химия пәні бойынша бірінші орын алдым, солайша мен 2020 жылы қаңтар айында өткен облыстық кезеңге жолдама алдым. Облыстық кезең қаңтардың 5-6 күндері өтті. Облыстық кезеңде мен үшінші орынды иелендім

Салтанатты жиында облыстық  кезеңнің жеңімпаздарына да құрмет көрсетілді. Пәндік олимпиадада үздік нәтиже көрсеткен 17 балқаштық оқушы марапатталды. Медальдар «Зияткер» мамандандырылған мектебінің 12 оқушысына да  табысталды. Бұдан бөлек, қаламыздың 5 мектебі рейтингі жоғары болғаны үшін ерекше атап өтіліп, марапатталды.

Гүлнар Ерменбетова №15 мектеп-лицей директорының орынбасары: «Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі олимпиада командасы жыл сайын 1-ші орынмен келе жатыр. Яғни мұндай жетістікке жеткен оқушылардың пән мұғалімдерінің еңбегінің арқасы, ата-аналарының қолдауының арқасы деп білеміз»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login