Мал дәрігері сібір жарасының таралуына кінәлі деп танылды

Ақтоғай ауданының мал дәрігері сібір жарасының таралуына кінәлі деп танылды. Деседе, рақымшылыққа ілігіп жауапкершіліктен босатылды. Түгел облысты дүрліктірген істі қараған аудандық сот ветеринар дәрігер кәсіби міндетіне атүсті қараған деп отыр. Өз ісіне жауапсыздық танытқаны үшін қылмыстық жауапқа тартты. Маманның кінәсі Үшарал қыстағының тұрғынына сиыр сатуға рұқсат беретін анықтама қағазын жазып беруінде. Алайда, жануар иесі сиырды емес бұқаны Балқашқа әкеліп сатады. Кейін өзі және әйелі сібір жарасын жұқтырғаны анықталып, барлық ет сатылымнан алынып тасталды. Деседе, сотта мал дәрігерінің бұл іске қасақана бармағаны ескерілген. Ол рақымшылық заңы бойынша, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Егер амнистияға ілікпегенде, 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Айта кетейік, сібір жарасына қатысты оқиға өткен жылдың тамыз айында Ақтоғай ауданы Үшарал қыстағында тіркелді. Сатуға арналған малды сойған ерлі-зайыпты 3-4 күннен кейін өздерін жайсыз сезіне бастайды. Содан облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізілгенде олардың сібір жарасын жұқтырғаны анықталады. Олар онда 1 ай жатып, емделіп шықты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture