Жаз айында Гүлшат кентінде қолға түскен балқаштық лаңкестер өздеріне кесілген үкімді жеңілдетуді сұрап отыр. Айта кетейік, теракт жасамақ болған 8 адам 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған болатын. Ал, аппелияциялық шағым бүгін Қарағандыда жабық тәртіпте қаралды. Алайда, сот олардың өз кінәсін мойындағанына қарамастан, үкімді өзгертусіз қалдырды. Еске салайық, 8 адам 2016 жылдың 27 маусымында ұсталған еді. ҰҚК мәліметінше, радикал топ мүшелері Қарағанды облысында бірнеше мәрте теракт жасамақ болыпты. Олардан жарылғыш заттар, қару және өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленген. Және қамауға алынғандардың салафизм өкілдері екендігі анықталған еді. Олар шабуыл жасағаннан кейін Сирияға аттанбақшы болған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login