Құрметті әріптесіміз Ахметова Несіпжан Ажібекқызы! Сізді 60 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Тағдырыңызда таршылық көрмей, тәтті ғұмыр кешіңіз. Әріптестер, достар ортасында осы бір жайдарлы мінезіңізбен қызық-қуанышқа ортақтасып, аман-есен жүре беріңіз. Алла жасыңызды ұзақ қылсын!
Алпыс деген толы той мен думанға,
Тау секілді көрінеді тұлғаңыз да.
Құшақ-құшақ гүлін алып келіпті,
Ақ көңілмен әріптестер, туыс-туған да.
60 жас асқаралы таудай екен,
60 жас шалғынды жер баудай екен.
60 жас 6 аттамдық жерде емес,
60 жас алыстардан арбайды екен.
Сол, 60-тың жалын тартып ерттедіңіз,
Байлық болсын әрқашан еккеніңіз.
Деніңіз сау, балаларыңыз аман болсын,
Оралсын бақыт болып өткеніңіз.
Көп нәрсеге жетсін сіздің қолыңыз,
Қай жерде де оңғарылсын жолыңыз.
Туған күнмен құттықтаймыз біз сізді,
Аман жүріп, шын бақытты болыңыз.
Т/б: № 2 мектеп интернат ұжымы.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login