Балқаш Су мекемесі суық судың бағасын көтермекші

Жаңа маусымда, жаңа тариф. Балқаш Су мекемесі суық судың бағасын көтермекші. Қазір коммуналшылар осындай ұсыныстарымен жергілікті билікке шығып, халықпен кездесу ұйымдастыруда. Олардың айтуынша, мекеменің жылдар болып жиналған шығынын өтеу үшін тариф бағасын көтеру керек. Әйтпесе қарыздан көз ашпаймыз деп отыр. Ал бүгінде суық судың бір куб метрі 100 теңге 13 тиынды құраса, жаңа жобамен оны екі есеге, яғни 192 теңгеге дейін көтермекші. Қазіргі күні бұл ұсыныс облыстағы табиғи монополияларды реттейтін департаментке жіберілді. Ондағы мамандар 18 тамыз күні Балқашқа келіп, қалалық әкімшілікте «Балқаш Судың» жобасын толық тексеретін болады.Нәтижесінде, бағаны көтеру бекітілсе алдағы 5 жылға жаңа тариф енгізілмек.

Олжас Мұбараков- «Балқаш Су » КМК директор міндетін атқарушы
«Біз халықпен, жергілікті билік өкілдерімен кездесіп жоба туралы айттық. Тарифтің не үшін қымбаттайтынын түсіндірдік.Әрине, біздің қызметке көңіл толмайды дегендер боллды. Ал оған жұмыскерлердің аздығы, шығынның көптігі, тұрғындардың ақыны уақытылы төлемеуі себеп».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture