Балқашта ұлы қарт анасын ұрып-соғады деген ақпарат расталмады

Балқаштық әлеуметтік желі пайдаланушылары бір қария әжейге қатысты мәселені көтерді. Тұрғындардың айтуынша, 85 жастағы зейнеткерге туған ұлы күн көрсетпейді екен. Күн сайын ұрып –соғатын көрінеді.

Әлеуметтік желіде елді елең еткізген бұл суреттер осыдан 10 күн бұрын пайда болды. Онда баяндама авторына зейнеткер ұлының күн көрсетпей, ұрып-соғатынын айтып мұңын шертеді. Тіпті, бар жиған ақшасы мен дәрілерін алып кететін де айтты. Ал бейбіт заманда өмір сүріп жатқан мұндай көріністі 2000-нан аса тұрғындар оқып, өз ойларымен бөлісуде.

«Алдында көргем осы кісіні жылап көмектес деді, қатты қорықтым дүкенге бара жатқан жолда тұрады».

«Анасына қол көтерген адам ешқашан адам болмайды».

«Жұмақтың кілті ананың табанының астында. Екеуін де ұмытпайық. Қарияға көмектесейік».

Дей тұрғанмен сексеннен асқан зейнеткердерді ұрып –соғады деген дерек дәлелденбеді. Полицейлер мұндай фактінің тіркелмегенін айтып, көршілердің көбісі айқай-шуды көрмедік дейді.

Бекзат Сәкенов – көрші
« Ол кісі өзі ауру кісі ғой деймін. Баласы өзі сыртынан жауып кетеді.Алысқа кетіп қалмасын деп».

Ал психолог мамандардың айтуынша, кейбір жағдайда үлкен кісілер кәріліктің салдарынан осындай жолмен өздеріне назар аудармақ болады. Бала секілді мейірімге мұқтаждық танытады.

Виталий Омаров –психолог
«Мұндай жағдай бақылаусыздықтың жоқтығынан болады. Үлкен кісілер қартайған сайын балалық кейіпке енеді. Мейірім, қамқорлықты іздейді. Сондықтан қариялардың қасында барынша жиі болып, оларды жылулықты көрсетейік».

Бірақта, барлық уақытта мұндай қариялардың қасынан бей-жай өтіп кетуге болмайды. Себебі, соңғы кездері өмірді көрген жандар далада тізесін құшақтап қалады. Ал Балқашта панасыз қалған жандар үшін «Көмек» кризистік орталығы жұмыс істейді.Онда тағдыр тауқыметін көргендер үшін үй мен тамақ беріледі.

Айжан Тұсанбекова – «Көмек» кризистік орталығының директоры
«Біз көбіне қарттар үйіне ешкімі жоқ, балалары жазбаша түрде аналарынан бас тартқан жандарды жібереміз. Қарттар үйі Қарағанды және Жезқазған қалаларында орналасқан. Құжаттарын жасаймыз, дәрігерлерлік тексерістен өткіземіз».

Міне, осылайша 10 жылдан бері қиыншылық көрген жандарға «Көмек»кризистік орталығы қол ұшын созып келеді. Бүгінгі күнге дейін бір зейнеткер мүмкіндігі шектеулі жандар үйіне орналысып, екеуі қарттар орталығына жіберілді. Айта кетейік, аталмыш орталық күн сайын жұмыс істейді. Байланыс телефоны 5-33-45.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture