Балқаш жаңалықтары 7 тамыз 2017

Балқашта табиғаттың тосын сыйынан бірнеше үй жарықсыз қалды.Дауылмен қоса нөсерлеп жауған жаңбырдан тұрғындар электр қуатынсыз отырды.

Шаһарымызда республикалық «мектепке жол» акциясы жалғасын табуда. Қаладағы білім бөліміне баласына киім-кешек пен құрал жабдық әперуге жағдайы жоқ 20-дан аса ата-ана жүгінген.

Әскери запаста тұрған 40 әскери қайта даярлық курсына аттанды.

Балқашта қанғыбас иттерді тегін асырап алуға болады. Қалалық «ЧиП» жануарлар қоғамдық бірлестігі қамқорсыз қалған төрт аяқтыларға пана тауып беруде.

Сенбі күні балқаштағы бірнеше компания жұмыскерлері көл жағалауына тазартуға шықты. Еріктілер ерінбей қаладағы ең лас жағажайды таңдаған.

Қазақстандықтар бүгін айдың тұтылғанын тамашалай алады. Түнде жердің көлеңкесі айдың жартысын жауып қалады.

Балқаштық футболшылар тағы тең ойын көрсетті. Кеше «Металлург» Саран қаласының құрамасымен кездесті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture