Балқашқа автостоппен ресейлік жиһанкез келді

Балқашқа автостоппен ел аралап  жүрген ресейлік жиһанкез келді. Бір тиынсыз жолға шыққан саяхатшы 30 күннің ішінде 4 елді аралап шықпақ. Толығырақ жас жиһанкезбен кездесіп қайтақн тілші әңгімесінде.

21 жастағы Антон Мазин 29 шілде күні Ресейдің Уфа қаласынан шыққан. 5 күннің ішінде автостоппен Балқашқа жетіпті. Кеше түнде жағалауда мына шатырда қонған. Бүгінде осында түнемек. Айтуынша, жоспарлы түрде өзімен бірге ақша алып шықпаған. Басты мақсаты бір тиынсыз 4 елді аралап шығу.

Мнтон Мазин-саяхатшы
«Көбінесе кездескен адамдар көмектеседі. Жолда тоқтаған көлік иелеріне өзімнің саяхатшы екенімді айтамын. Көбісі таңғалып жатады. Үйлеріне қонуға шақырады, кафеге соғып тамақ әпереді. Бүгін бірінші рет далада қондым».

Бұл Антонның алғашқы саяхаты емес. Ол бұрындары Ресей елінің қалаларын автостоп арқылы аралап шыққан. Ал Балқаш туралы Антон өзге саяхатшылардан естіпті. Туыстары да мұндағы көлдің ерекшелігін айтып, қызығушылығын оятқан. Содан ол Балқашқа міндетті түрде соғуды шешкен.

Мнтон Мазин-саяхатшы
«Менің әр күнім жоспарланған. Осында бір күн боламын. Жолдан тынығуым керек. Жалпы Қазақстан маған қатты ұнады. Көп әсер алдым. Әсіресе Астана. Өте әдемі қала екен».

Жас жиһанкез ертең Алматыға жол жүрмек. Сол жақтан Қырғызстанға өтуді жоспарлап отыр. Оның одан кейінгі маршруты Өзбекстанға барып, Тәжікстанға соғу. Ол Азиядағы 4 елді 30 күннің ішінде аралап шықақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture