Енді дәрігерлер кәсіби қателіктері үшін салық төлейді. Ол үшін әр маман арнайы құрылатын қорға ақша жинайды. Егер медицина қызметкері қандай да бір қателік жіберіп емделушінің денсаулығына зиян келтірсе не болмаса науқас көз жұмса онда жиналған ақша өтемақы ретінде төленеді. Ресми статистикаға сенсек, бір жылда ақ халаттыларға 500-ге жуық шағым түседі екен. Бірақ оның санаулысы ғана сотқа жетеді. Мысалы 2016 жылы 15 медик жазаға тартылса, оның алдыңғы жылы екеуі ғана заң алдында жауап берген. Дәрігердің кінәсын дәлелдеу қиынның қиыны болғандықтан, енді оларға жазаның басқа түрі қолданылмақ. Денсаулық сақтау министірлігі өз қызметкерлерін жарна төлеуге міндеттегелі отыр. Міндетті сақтандыру жарнасы 24 мың мен 40 мың теңге аралығында. 40 мың хирургтардан алынады, себебі олардың тәуекелі ең жоғары. Қатардағы мед қызметкерлер 5 мыңнан аударады. Егер де дәрігерлердің қателігінен пациенттің денсаулығына зиян келсе 900 мың мен миллион 800 мыңның аралығында, қайғылы жағдай болса 2 миллион теңгеден аса өтемақы төленеді. Әзірге бұл заң жобасы қаралу үстінде.
«Мен дәрігерлерге көп қарала қойған жоқпын. Бірақ кейінгі кездері денсаулығыма байланысты барғанмын, ол кезде қойған диагноздары дұрыс болды. Оларға ренішім жоқ».
» Негізінен қателіктер болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Мен өзім жалпы дәрігермін. Олай айтқым келмейді. Қателктер көп болады деп. Себебі науқастар бізге үмітпен келеді. Дәрігер емдейді деп. Жалпы былай алғанда қателеседі деп айта алмаймын».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login