Балқашта 4 заманауи балалар алаңы салынады

Мәдениет сарайының маңында балаларға арналған алаңның құрылысы басталды. Онда замануи 4  нысан пайда болады. Оны Сары-Қазына компаниясы қаланың 80 жылдық мерейтойына сый ретінде тарту етіп отыр. Қазір құрылысшылар алаңдардың фундаментін құюды бастады. Алдымен жылтыр төсеме, арматура салынып оның үстінен цемент құйылады. Ерітінді тез қатаю үшін 3 күн бойы су құйылады екен. Мамандар тек содан кейін барып, резеңке төсеніш салып, аттракциондар орнатпақ.

Бұл аймаққа 4 балалар алаңы орнатылады. Оның екеуі мәдениет сарайының оң жағында болса, қалғаны сол жағында орналасады. Ал, спортқа бейім қала тұрғындарына арналып әмбебап корт тұрғызылады. Онда бірден 3 ойын үлкен теннис, волейбол және футбол ойнауға болады.

Нұржан Әбдрахманов – прораб
« 4 метр қоршауы болады сеткамен. Доптар ұшып кетпес үшін. Резинамен қапталады. Футбол ойнаймын десе футбол ойнайды. Сетканы кез-келген уақытта ауыстыруға болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture