Балқашта қазақша күрестен республикалық турнир өтеді

Балқашта қала күніне орай қазақша күрестен республикалық турнир өтеді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен түйе балуандар шақырылмақ. Ауыр салмақты спортшылар бас жүлдеге таласатын болады. Жеңімпаздарды қомақты қаржылай сыймен марапаттау үшін қалалық бюджеттен 1 млн астам қаржы бөлінбек. Айта кетейік, бұған дейін шаһардың мерейтойында бәйге жарысын өткізу жоспарланған еді. Алайда, бұл ойдан бас тартуға тура келді. Себебі мұндай ауқымды шараны өткізу үшін 9 млн қажет екен. Ал, ондай сома бюджеттен қарастырылмаған. Қазір Балқаш облыстық Арай спартакиадасын өткізуге дайындалуда. Спорттың 12 түрінен ұйымдастырылатын сайыс 10-шы тамыздан бастап 12- не дейін созылады.

Ізбасар Шакенов-Қалалық спорт секторының жетекшісі
«Осы өтейін деп отырған спартакиаданы үшінші рет өткізейін деп отырмыз. Биыл үшінші рет. Әр жылдары екінші, үшінші орын жалпы командалық алып жүргенбіз. Биыл да жүлделі орынға ілігеміз бе, деп ойлап отырмыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture