Балқашта канализациялық құдықтардың қақпағын ұрлау фактілері жиілеген. Тек қана осы айдың өзінде 20 қақпақ қолды болыпты. Тұрғындар үшін ашық қалған құдықтар адам өмірі үшін қауіпті екені белгілі. Алайда, мамандар оларды жауып үлгермеуде.
10 м\а тұрғына Нармина Махмедова балалар алаңға ойнауға кетсе, олар үшін алаңдап бітеді. Себебі ондағы құдық бетінің ашық жатқанына осымен бір ай болған. Айтуынша, оның қақпағы сынып қалыпты. Мұны көрген әйел мамандарға хабар берген. Алайда, жауаптылар құдықтың бетін қаңылтырмен жауып, топарақпен сеуіп қоя
Нармина Мамедова – жительница 10 микрорайона дома
«Мұнда балалар көп ойнайды. Бір-бірін қуып жүргенде қаңылтырға шалынып, құлап қалулары мүмкін. Өте қорқынышты».
Мұндай ашық құдықтар «Балауса» балабақшасының маңында да пайда болған. «Балқаш Су» мамандары болса бәрі ұрылардың кесірінен деп отыр. Айтуларынша, осы ай басталғалы бері 20 қақпақ қолды болыпты. Бұл жағдайды тәртіп сақшылары да біліп отыр. Алайда, әлі бірде- бір ұрыны қолға түсірмеген.
Олжас Мүбараков – «Балхаш Су» директорының м.а
«Қазіргі күні 140 қақпақ орнатылды. Солардың жиырмасын ұрлап кетті. Сол себепті ашық құдықтарды жауып үлгермей жатырмыз. Тұрғындарға айтарым, егер, ұрлау фактілерін көрсеңіздер дереу ІІБ хабарласыңыздар».
Ал, ұрланған қақпақтар туралы «Балқаш Су» мекемесінің кезекші бөліміне 5-10-45 нөмірі арқылы хабарлауға болады. Сондай-ақ ТКШ бөлімінде жедел желі іске қосылған. Нөмері 4-42-61, 4-40-84 және 8708 568 38 59.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login