Балқашта 1000-нан астам гүл отырғызылды

Алғашқы құрылысшылар ескерткішінің маңына бүгін 1000- нан астам гүл отырғызылды. Монумент жақында ғана жөндеуден өткен болатын. Осыдан 50 жыл бұрын пайда болған бұл ескерткіштің түсі қарадан алтын жалатылған түске боялды. Сондай-ақ, мрамордан жасалған тақтайша орнатылды. Онда Балқаш қаласының алғашқы құрылысшыларының есімі жазылған.

Бүгін жақында ғана жөндеуден өткен ескерткіш маңына гүлдер отырғызылды. Мамандар тегетес атты бұл сары өсімдіктіктерді Балқашта жылыжайда өсірген. Енді оның күтімімен «Зеленстрой» мекемесі айналысатын болады.

Нина Орлова – агроном
«Қазір күн ыстық. Сондықтанда осы ыстыққа төзімді гүлдерді таңдап алдық. Біз оларды өзіміз өсіреміз. Басқа жақтан әкелетін болсақ, ондай гүлдер өспей қалуы мүмкін».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture