Әлем саясаткерлері Президент Нұрсұлтан Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсынып отыр. Және «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковтің кандидатурасы да осы сыйға лайық деп танылды. Ал, қазақстандықтарды әлем сыйлығына ұсынып отырған Швейцариядағы Бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе. Ол Елбасының ядролық қаруды жоюда біраз іс тындырғанын алға тартып отыр. Ал, Кәріпбек Күйіков жетекшілік ететін Атом жобасы әлемді ядролық қарудан азат етуге бағытталған. Шетелдіктің бұл ұсынысын Шотландия және Ресей елінің саясаткерлері де қолдап отыр. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығына бірінші рет ұсынылып отырған жоқ. Ол кандидаттар тізімінде алғаш рет 2006 жылы пайда болған. Алайда, әлем сыйы әлі бұйырмады. Деседе, Елбасының қоржынында басқа да наградалар жетерлік. Мысалы, «Ғасыр адамы», князь Дмитрий Донскидің ордені, Украинаның азаттық ордені, Польшаның «Ақ бүркіт», Египеттің «Ұлы Ніл» ордендерімен марапатталған.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login