Балқашта қаладағы ең үлгілі аула мен ең үздік подъезд анықталды. Шаһардың 80 жылдық мерейтойына орай өткізілген байқау өз мәресіне жетті. Сәуірдің 26-нан бастап маусым айының 21-не дейін 12 үй қатысуға өтініш берген. Арнайы комиссия солардың арасынан тек үздіктерін таңдап алды.
Сәбитова м/а 21 үйдің тұрғындары балалар алаңын өз қолдарымен тұрғызған. Ескі балабақшадан сырғанауға арналған төбешіктерді қазып әкеліп, әткеншек, турник секілді қалған заттарды өздері жасаған. Тіпті қоқыс жәшігіне дейін. Қазір бұл жер таңнан кешке дейін баладан арылмайды. Тұрғындар мұнымен тоқтап қалмақ емес.
Анарбай Ыбышев-Сәбитова м\а 21 үй кондоминиумы
«Жасыл желек ағаш егеміз деп жатырмыз. Сосын клумба орнатып, гүлдер ексек деп ойлап отырмыз. «Көршілер болып жинастырып, краска сатып алып, бояп қолымыздан келгенін 1 жыл көлемінде жасап алдық».
Ал, Қазбекова көшесіндегі 11 үйдегі 3 подъезд үздік кіре беріс деп танылды. Пәтер иелері подъезді әсемдеуді 1995- ші жылдан бастаған. Қазір мұнда 1- қабаттан бастап 4- қабатқа дейін түрлі картиналар ілінген. Әр терезе алдында гүлдер отырғызылған. Тіпті перде, люстраға дейін бар.
Анна Булатвас-Қазбекова көш 11 үй кондоминиумы
«Мен 1995 жылы қолдан жасалған жасыл гүлдерді үйден алып шығып, подъезге іліп тастадым. Содан кейін әркім үйіндегі заттарды алып шығып, орната бастады. Қазір подъезіміз үй сияқты. Үнемі таза болып тұрады».
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қалалық әкімдікте өтті. Онда үздік қызмет көрсетуші мекеме номинациясын «Уақыт КСК» жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлделі орын алушылар сағат, радиотелефон, принтер секілді бағалы сыйлармен марапатталды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login