Балқаш көліне 9 адам батып кете жаздады. Теміртаудан келген қонақтардың қайығы аударылып кеткен. Судағы төтенше жағдай Ақ тас аймағында болды. Көлге тынығуға келген теміртаулықтар моторлы қайықпен көлге шыққан. Алайда, жағадан бірнеше метрге ұзаған кезде, 4 адамға араналған су көлігі 9 адамның салмағына шыдай алмай аударылып кеткен. Ешкімнің үстінде құтқару желеті болмапты. 4 тұрғын жағаға өздері жүзіп шыққан. Қалғандарын бірер минутта көмекке келген құтқарушылар жағаға жеткізді.
Дархан Қуанбаев – Судан құтқрау бөлімшесінің басшысы
«Адамдарды аман алып қалу үшін, екі құтқарушы мен бір техника жұмылдырылды. Суға батқан 5 адамды дер кезінде шығардық, ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді. 25-29 шілде аралығында күн қатты ыстық болады, сондықтан да Қала тұрғындарын суда сақ болуларны ескертеміз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login