Шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Марат Жүнісовтың құрметіне арналған ашық қала чемпионат өз мәресіне жетті. Бұл интелектуалдық дода Қарағанды, Теміртау, Саран және Абай секілді қалалардан келген 60 ойыншының басын қосты. Олардың ішіндегі ең кішісі 6 да болса, ең үлкені 15 те. Қатысушылар мықтыларды анықтау үшін 6 күн бойы бақ сынасты. Нәтижесінде теміртаулықтар басқаларды шаң қаптырып, бірінші орын алды. Балқаш күміс жүлдені олжалады. Ал, қола Қарағанды қаласының Дебют командасына бұйырды. Балқаш құрамасына жеңіс әкелгендерге тоқтала кетсек. Олар Дулат Ыдырысов, Саят Рысмағанбетов және Иван Гончеров. Дулат 15 жастағы ұлдар арасында чемпион атаса, Саят Рысмағанбетов осы категорияда үшінші орыннан көрінді. Ал, 12 жастағы Иван қола медальға қол жеткізді.
Ерғазы Әлімжанов – ұйымдастырушы: «Осы турнирдің аяғына дейін белгісіз болды кім бірінші орын алатыны. Себебі 2 турдан кейін Балқаш бірінші орынға шықты. Үшінші турдан кейін Теміртау шықты. Сонымен ойынның аяғына дейін белгісіз болды. Бүгін ойын аяқталды. Есептей келгенде Теміртау бірінші орын алды».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login