Адам өлтірген екі қала тұрғыны 35 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Қылмыскерлер кісі өлтіру, арандатушылық, заңсыз қаруды алып жүру және құрықтау барысында тәртіп сақшыларға қарсылық білдіру фактілеріне сәйкес бірнеше бап бойынша сотталды.
Балқаштық полицейлер үйінен қашқан баланы үйіне қайтарды. 12 жастағы қыз ата-анасымен ұрысып, ренжіскеннен кейін өздігімен Қарағанды да тұратын әжесіне бармақ болған.
«Ақ тас аймағына» барар жолдың ойқыш-ойқыш жерлері жамалды. Еске сала кетейік, осы жолдың нашарлығынан 3 б автобусы онда жүруін тоқтатқан болатын.
Сапасыз жолдар сыр берді. 1 айға жуық жабық болған Ағыбай батыр көшесі осы аптада қайта ашылды. Алайда, бұған қуанған жүргізушілер жоқ. Керсінше, жол жағдайының одан сайын нашарлай түскенін айтып, шағымдарын жеткізді.
Балқашта бап пен бақ қоса сыналатын ұлттық бірыңғай тест аяқталды. Өңірде ең жоғарғы көрсеткішке №2 Абай атындағы лицейдің түлегі ие болды. Жанар Маркс есімді оқушы 140 ұпайдың 130-ын жинаған.
Қаладағы арнайы орта білім беретін мекемелерде қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Білім қуып, мамандық алуды көздеген талапкерлер 10 тамызға дейін қалаған оқу орнына өз құжатын өткізе алады.
Ботажан сауықтыру орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар эбру қағазда емес суда сурет салуды үйренуде. Бұл әдіс Эбру техникасы деп аталады.
Медициналық колледждің студенттері сауапты іс жасады. Емдеу ісі мамандығын тәмамдаған 21 түлек мейрамханада мол дастархан жайып, көңіл көтерудің орнына «Ботажан» сауықтыру орталығына қаржылай көмек көрсетті.
Осы аптада қаладағы төтенше жағдай қызметкерлерінің оқыстан келген апатқа қаншалықты дайын екендігі пысықталды. Мамандар командалық оқу-жаттығу сценариі бойынша, санаулы минутта өртті ауыздықтап, суға батқан балықшыларды құтқару керек болды.
Қалалық кітапханада бірқатар қосымша үйірмелер ашылды. Енді жаңа оқу маусымына дейін балалар тігіс тігіп, қолөнер туындыларын жасауды үйренеді.
Күллі елдің басын қосқан ЭКСПО халықаралық көрмесін тамашалау уақыты өзгерді. Енді күндіз қол тимейді дегендер кешке барып жасыл технологияны көре алады. Астана күніне орай шілде айының 1 мен 10 аралығында кешкілік билеттер сатылымға шықпақ.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login