Балқаштық оқушыларға кітапханада тегін үйірмелер ашылды

Қалалық кітапханада бірқатар қосымша үйірмелер ашылды. Енді жаңа оқу маусымына дейін балалар тігіс тігіп, қолөнер туындыларын жасап, зияткерлік жаттығуларға тегін қатыса алады.

Алтынай Елекеева жазғы демалысын тиімді өткізуді жоспарлаған оқушы. Сондықтан, үйірменің үйретері бар деп бос уақытын сүйікті ісіне арнап жүр. Қолөнермен шұғылданып, ойға ерік беру арқылы кезекті көбелек туындысын жасау үстінде. Ол үшін моншақ, ине-жіп, тіпті ас дақылдарын да қолданады екен.

Алтынай Елекеева – оқушы: «Көбелек өте әдемі болған. Сондықтан мен көбелікті таңдадым. Көбелектің түстерін жасыл,қызыл қылып жасадым. Ертең, екі күннен кейін бітетін шығармын».

Қолөнер үйірмесінде балалар тігіс тігіп, сурет салудан өзге жоқтан бар жасап үйренеді. Мәселен, 10 минуттың ішінде ескі кітаптан мынандай киіз үй тұрғызуға болады. Оған қоса, қуыршақтың көйлектерін матадан өзге қағаз парақтарында да жасауға мүмкіндік беріледі. Тек қана өнерге деген ықылыс болса болғаны.

Дана Жарқынбекова – қолөнер үйірмесінің жетекшісі: «Бұл киіз үй ескірген кітаптардан жасалдық. Бұған көп уақыт жұмсамаймыз. Өте тез жасалады. Қиын деп айта алмаймын. Ең бірінші балалармен жұмыс жасағанда осы киіз үйден бастадым. Балалар өзімізге керек тұрмыстық заттар,қолөнер шеберлерін үйреніп жатыр».

Мұндай тегін үйірмелер қалалық кітапханадан өзге балалар және Аркадий Гайдар атындағы оқу орталығында жұмыс істейді.Қоңырат мөлтек ауданындағы аула клубы жыл бойы мүмкіндігі шектеулі балаларды қолөнерге баулиды. Ал жалпы, 33 үйірмеге бөлінген сабақтар аптасына үш рет жүргізіледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture