Балқаштық колледждерде оқу ақысы қаншалықты өсті

Қаладағы арнайы орта білім беретін мекемелерде қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады. Білім қуып, мамандық алуды көздеген талапкерлер 10 тамызға дейін қалаған оқу орнына өз құжатын өткізе алады. Ал, биыл ең көп грант қай колледжге бөлінді? Оқу ақысы қаншалықты өсті?

Биыл политехникалық колледж 225 грантпен көш бастап тұр. Оның 150 мемлекет бөлсе, қалғанын Қазақмыс корпорациясы ұсынып отыр. Сондай-ақ онда биыл жаңадан 3 мамандық қосылған. Ал, екінші орында БГТК. Онда 180 адамға тегін білім алуға мүмкіндік бар. Одан кейінгі кезекте Балқаш көпсаласы колледж бен медициналық колледж.

Ернат Аринов-бақылау комиссиясының техникалық хатшысы: «Гранттардың барлығы техникалық мамандық бойынша бөлінген. Ең көп грант түсті металдар металлургиясы. Яғни техника мателлургтерге көп грант бөлінді.Сонымен қатар құю өндірісіне бар.

Ал, гранттан қағылғандар амалсыз ақылы бөлімге түседі. Қала бойынша ең арзан оқу Ақылбаев атындағы Балқаш маңызды білім беру колледжінде.Онда білім алу 100 мыңнан басталады. Ал, ең қымбаты грант аз бөлінген медициналық мамандықты оқытатын оқу орнында. 140 мың мен 166 мың аралығында. Мұндай сома ата-ана қалтасына салмақ түсірері сөзсіз».

Ал, оқу ақысын қалтасы көтермейтіндер Сервис колледжі мен Қошқарбаев атындағы кәсіптік колледжде аспазшы, шаштараз, газбендәнекерлеуші секілді мамандықтарды тегін меңгере алады. Талапкерлерден құжат қабылдау 10 тамызға дейін жүргізіледі. Сырттай оқуға түсетіндер үшін 10 қыркүйекке дейін.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture