Ел қорғандарына құрмет! Бүгін Қазақстан полициясына 25 жыл толды. Ширек ғасырлық мерекені еліміздің құқық қорғау саласының мамандары кеңінен атап өтті. Оның ішінде Балқаш қаласының жергілікті полиция мен қалалық ішкі істер бөлімінің 40-қа жуық маманы бас сахна төрінде алғыс хат, медальдарға ие болды.
Салтанатты шара қала әкімі Александр Аглиулиннің құттықтауымен басталды. Балқаштық полицейлерге жылы лебізін жеткізген басшы марапатқа бірден кірісті. Әкімшілік полиция бөлімше бастығының орынбасары Әбілғазы Қалдыбековке Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасын табыстап, өз атынан 15 полицейге алғыс пен құрметін жариялады. Сонымен қатар, кәсіби мереке күні «Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов»медалін 4 маман кеудесіне тақты. Тағы 7 тәртіп сақшысы «Ішкі істер органдарының үздігі» ,25 жылдық мерейтойлық медальдармен марапатталды.
Тлеубек Сартаев- ІІБ кезекші бөлімше бастығы
«Көңіл күйім жақсы. Әрі қарай ІІБ органдарында Қазақстан халқына тыныштығы үшін қызмет атқара беремін. Өзім Балқаш қаласының ІІБ кезекші бөлімше бастығы лауазымында атқарып жатырмын.Өз жұмысым өзіме ұнайды».
Кейін мереке мерейін айрықша сезінген кейіпкерлер сахна төрінде ән айтып, өнерлерін көрсетті. Барша жиналған жұрттың назарына жылдам әрекет ету отрядының мамандары үздік жаттығуларын ұсынды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login