Балқашта Островский көшесінің тұрғындары нәжіс иісіне тұншығуға мәжбүр

Островский көшесінде канализациялық құбыр жарылып, нәжіс араласқан су тұрғындардың бақшасына дейін жетіп, далаға жайылды. Алайда, коммуналшылар бұл мәселені бірден жоя алмады. Салдарынан тұрғындар бірнеше күн бойы сасық иіске тұншығуға мәжбүр болды.

Канализациялық құдықтың арнасынан асып, елді әбігерге салуы бірніші жыл емес. Мысалы, мына кадрларды біз 2016 жылы көрсеткен болатынбыз. Ол кезде коммуналшылар Островский көшесіндегі құбырлар дұрыс салынбаған деп 250 метрін ауыстырды. Алайда, оның көмегі болмады. Көктемде, тұрғындар тағы да дабыл қақты. Себебі, канализациялық құдық қайтадан толып кетіп,одан шыққан нәжіс суы жолға жайылған.

Ал, коммуналшылардың сөзінше, күн жылынған уақытта еріген қар суы құдықтарға ағып, салдарынан кейбірі бітілеп қалған. Ал, мәселені жою үшін арнайы қалада жоқ болған техниканың келуін күткен. Қазіргі таңда мәселе біржақты болды. Мамандар құдықтарды ашып, тазарту жұмыстарын жүргізді.

Дәурен Нұрланов – «Балқаш Су» КМК участке басшысы
» 3-4 күннің ішінде құдықты орнатамыз. Бәрін жабамыз. Осы жердің көркін келтіреміз. Бір жағын бітірдік, енді жауып жатырмыз».

Деседе, мәселені толықтай шешу үшін 8.5 метр тереңдікте жатқан құбырдлы ауыстыру қажет. Алайда, техниканың жоқтығы қолбайлау болып отыр. Ал, техниканың қашан келетіні әзірге белгісіз.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture