Балқашта туристік форум өтті

Балқаш- туризм қаласы болуы мүмкін бе? Ол үшін бізде қандай мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгін осы мәселе туристік форумда талқыланды.

Форумға Қарағанды облысынан және Астана қаласынан 200 маман жиналды. Олар Балқаштың тыныс –тіршілігімен танысып, өз пікірлерін ортаға салды. Қала әкімінің айтуынша, шаһар туристік орталыққа әбден лайық. Ол үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылған дейді. Мысал үшін Балқаштың тұщы суы, Бектау Ата таулы шатқалдары бизнес ошағы бола алады. Оған қоса, 2015 жылмен салыстырғанда қалада зиянды қалдықтардың мөлшері 48 пайызға төмендеген. Яғни, экология жақсаруда. Сондай-ақ, жылдан-жылға демалушылардың саны артып келеді. Жыл сайын шетелден және еліміздің өзге қалаларынан 14 мыңнан астам адам көлде демалатын көрінеді. Сол себептен, әкім инвесторларға 6 мың шаршы метрді құрайтын жаңа жобасын ұсынды.

 

Ернар Күлпейісов-Қарағанды обл. кәсіпкерлер палатасының директоры
«Біз бұл форумға Қарағанды, Астана қаласынан инвесторларды әдейі шақырдық. Оларға Балқаш туралы толық мағұлмат беретін боламыз.Және жиын соңында өзара келісім-шарт жасалады деген ойдамыз.Кәсіпкерлер тың идеяларды күтемізү».

Алайда, қала басшылықтары Балқашқа туристерді тартатын мемлекеттік бағдарламалардың жоғын тілге тиек етті. Тек жергілікті кәсіпкерлердің арқасында өңірде 15 жоба құрылып, оның 11-і іске асты. Сондықтан, осындай идеяларды әрі қарай дамыту мақсатында биыл өңірде 6 және 8,5 пайыздық мөлшерлемемен екі бағдарлама жүзеге аспақ. Сонымен қатар, жиын соңында балқаштық демалыс орындары Астана, Қарағандыдан келген турфирмалармен өзара келісім-шартқа отырды. Енді шетелдік қонақтарға жергілікті демалыс орындары ұсынылмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture