Балқаштық жұмыссыздар жаңа мамандық меңгеруде

Балқашта 56 жұмыссыз жаңа мамандық меңгеруде. Осы аптада қайта даярлау курстары басталды. Онда аспазшы, шаштараз, газбендәнекерлеуші және электрик секілді кәсіп түрлері үйретілуде.

Кәсіп меңгеруге келген Ольга Грабовая нағыз мамандарша шаш бөлуді үйренуде. Айтуынша, мектеп бітіргеннен кейін мамандық алуға мүмкіндігі болмапты. Сол себепті бірнеше жыл сатушы болып жұмыс істеуге мәжбүр болған. Деседе, оқу ешқашан кеш емес. Енді ол бар болғаны 3 айдан кейін шатшаразшы атанады.

Ольга Грабовая-«нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының қатысушысы
«Бұл мамандық өзіме ұнайды. Оның үстіне қызымда өсіп келеді. Оған түрлі шаш үлгілерін жасап үйреніп жүрмін. Сұранысқа ие кәсіп иесі болсам деп едім. Енді міне сол мақсатым орындалды».

Ал, аспазшылардың алғашқы сабағы кәсіпкерлік негізінен басталды. Болашақта бірі кәсіп ашамын десе, бизнестен хабардар болу үшін. Кейін 1 ай бойы дәмді тағам жасауды теория жүзінде оқитын болады. Қалған 2 ай практикаға негізделген.

Айнұр Тілеуғабылова-Балқаш сервис колледжінің бас шебері
«3 айлық курс аяқталғаннан кейін оларға аспазшы мамандығын бітіргедігін растайтын куәлік табыс етіледі. Содан кейін қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істей алады. Аспазшы немесе оның көмекшісі ретінде».

Ал, газбен дәнекерлеуші және электрик секілді ерлер мамандығы Рақымжан Қошқарбаев атындағы колледжде оқытылуда. Қайта оқыту курстары балқаш көп салалы колледжінде де өтуде. Енді 3 айдан кейін жұмыссыз жүрген 56 жаңа кәсіп иесі атанады. Алайда, ол үшін алдымен емтихан тапсырып, білімдерін дәлелдеуі тиіс. Ал, мұндай курстар енді күз айында ұйымдастырылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture