Салықшылар алкагольдік өнім сататын дүкен иелеріне 20 шілдеге дейін жыл сайынғы лицензиялық төлемақыны өтеу керектігін еске салады. Ал, оның сомасы бөлшек саудамен айналысушылар үшін 227 мың, ал көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлер үшін 454 мың теңге. Егер, аталмыш қаржы уақытында төленбесе дүкен қожайындарына айыппұл салынады. Оның сомасы да қомақты. 340 мыңнан 1млн 500 мыңға дейін. Былтырғы жылы төлемді кешіктерген 3 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеуге мәжбүр болған.
Бағдат Батырбеков-мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы
«Егерде толық төленбеген немесе мүлдем төленбеген жағдайда 20 шілдеге дейін ҚР әкімшілік құқық бұзушылық 282 бабына сәйкес айыппұл қарастырылған. Айыппұл сомалары 150АЕК басталады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login