Балқаш қалалық көпсалалы ауруханаға 25 жыл толады

Биыл қалалық көпсалалы ауруханаға 25 жыл болады. 1992 жылы қаланың әр жерінде орналасқан бөлімшелер жаңа мекемеге көшіріліп, біріктірілді. Қазір заманауи техникамен жабдықталған 6 қабатты мекемде 500- ге жуық медицнина қызметкері еңбек етеді.

Операциялық залда науқастың соқыр ішегіне ота жасалуда. Қазір хирургтар бұрынғыдай кесудің орнына, тек 3 тесік жасап онда басында камера орнатылған лапороскопия аппаратын енгізеді. Барлық әркет экранда көресітіліп тұрады. Жаңа әдіс көп қан жоғалтудың алдын алады. Әрі науқаста тез сауығып кетеді.

Бекболат Мустап – хирургия бөлімшесінің меңгерушісі
«Лапраскапстойка алдық. Оны 2008 жылдан бастап хирургтардың бәрі меңгерген. Операция жасайды. Соңғы кезде инструменттерді жаңадан алып отырмыз. Жаңа операциялық лампа алдық».

Науқастар көп шоғырланған бөлім-травматология. Айына мұнда аяқ-қолын сындырған, үсік шалған, күйіп қалған 100-ден аса адам келіп түседі. Ал, олардың барлығына ем тағайындаушы бас травматолог-Мақсат Нұртазин. Оның бұл бөлімшені басқарғанына 15 жыл болған.

Мақсат Нұртазин – травматолгия бөлімшесінің меңгерушісі
«Осыдан үш жыл бұрын біз биос әдісін енгіздік. Ол тәсіл сүйегі сынған науқастардың тез аяққа тұрғызады. Ал, қазір жамбас буынын протездеу отасын жасауды меңгерудеміз. Мұндай операция балқаштықтар үшін өте қажет».

Жақында ауруханада динамикалық бақылау бөлімшесі пайда болды. Мұнда науқастардың денсаулығын тексеру, анализ жасау секілді қызмет түрі көрсетіледі. Керек болған жағдайда емделуші палатаға жатқызылады. Жеткен жетістік тек бұл ғана емес.

Аскар Махмутов – орталық аурухана директоры
«Біз осы жылы инсульт орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Қыркүйек айында магнитті резонанстық тамограф орнатамыз. Сонымен бірге, кардиокешен, колоноскоп, узи секілді жаңа аппараттың келуін күтудеміз».

6 қабатты ғимаратқа барлық бөлімшелер біріктірілген күн аурухананың туған күні болып саналады. Бұл мекемеге 1992 жылы бірінші болып хирургтар мен терапевтер көшіп келген. Артын ала балалар дәрігерлері қосылды. Ал, 25 жылдан кейін емдеу орталығы 500 маман еңбек ететін заманауи клиникаға айналды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture