Биыл қалалық мешітте жазғы сауат ашу курсы жалғасын тапты. Онда мектеп оқушылары жазғы демалыс уақыттарын тиімді өткізіп, ислам діні туралы дәріс ала алады. Ал мешіттегі сабақ күн сайын сағат 10:00-де басталады. Түске дейін оқушылар имани құндылықтардың қыр-сырын меңгеріп, құран жаттап, сүре оқып, арабша жазуды үйренеді. Уағыз тыңдап, намазға жығылудың амалдарын меңгеретін болады. Бүгінгі күні 40 бала сабақты бастап кетті. Егер кімде-кім мешіттегі оқу курсына келемін десе –мархабат. Білім алу курсы тегін.
Рауан Айтқазин – наиб имам
« Егерде осы жерге балаларымызды алып келіп, оқытамыз дейтін болса ата-аналары өтініш қылып жататын болса арқарайда жалғасын табады. Барлығы құран оқу біледі. Біраз сүрелер оқиды. Кейбіреуілері арабша оқуға дейін жетті».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login