Шыңды бағындырған балқаштықтар. Шаһар әкімі Александр Аглиулин жастармен бірге Бектау атаның ең биік шыңына шықты. 25 студент мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай еліміздің байрағын биікке апарып орнатты.
Бектау ата шыңына шығу таңғы сағат 8-де басталды. Әкім мен бірге 25 студент жолға шықты. Бір топ бала қолдарына туды бекітетін цемент қоспаларын көтерсе, бірі жалау мен Елбасының сөзі жазылған тақтаны арқалады. Алайда, 7 шақырымдай биіктікке көтерілу балқаштықтарға оңайға соқпады. Жастар мен әкім екі мәрте аялдама жасап, үш сағаттың ішінде таудың ең биік шыңына жетті. Желдің қатты жылдамдығына қарамастан цементтен қоспа жасап, туды бекітті. Оның қасына Нұрсұлтан Назарбаевтың рәміздер туралы тақтаға жазылған сөзін орнатты.
Елдос Болат –Политехникалық колледж студенті
« Әрине, тауға көтерілу оңайға соққан жоқ. Жастықтың серпінімен Қазақстан Республикасының көк туын сол жерге орнатып, желбіретіп кеттік».
Кейін жастардың басын қосқан форум ұлттық ойындармен жалғасын тапты. Күштімін деген ер балалар 16 келі кір тасын көтеріп, арқан тартысып сынға түсті. Өзге студенттер мергендіктерін тексерді. Соңында шыңды бағындырған жастар арнайы медальдармен марапатталды. Белсенділік танытқан колледж студенттеріне дүрбі, шатыр үлестірілді. Шара соңында белгілі болғандай, қыркүйек айынан бастап қаламызда жастар мәслихаты құрылмақ. Студенттер басшылықтың рөлін атқаратын болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login