Балқаш медицинасына үлес қосқан білікті дәрігер. Видео

Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстанда медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Осы мейрамға орай адам өміріне арашашы болып жүрген ақ халаттылармен таныстыруды әрі қарай жалғастырамыз. Біздің келесі кейіпкеріміз жан сақтау бөлімінде жұмыс істейді. 14 жылдық тәжірибесі бар реаниматолог дәрігер.

Өлім мен өмір арасында бір бір секундтқа кідіруге болмайды. Анестизиолог реаниматолог Гүлмира Бакирова жаңа науқасты қабылдауға асығуда. Егде жастағы ер адамның қан қысымы 70/40 түсіп кеткен. Қарт адам үшін мұндай жағдай өте қауіпті. Сондықтанда, дереу дереу жансақтау бөліміне жеткізу керек.

5 минут өтпей жатып реанимация бөліміне келесі науқас түсті. Әйелге наркоз соқыр ішегіне операция жасау үшін, наркоз салынған. Енді ол есін жинап, өз-өзіне келгенше дәрігерлердің бақылауында болады.

Гүлмира Бакирова – анестезиолог-реаниматолог дәрігер
«Мұнда негізі 6 төсек орны бар. Бірақ, оданда көп науқастар түседі. Күніне ауыр жағдайдағы 6-8 науқас түсуі мүмкін».

Дәрігер келіп түскен емделушілерді орналастырғаннан кейін, қалған науқастардың жағдайымен танысуға кірісті. Бұл жерде тыныс алу мен қан қысымын арнайы реттеп отыратын аппараттар іске қосылған. Науқастың жағдайы нашарлайтын болса, бірден дабыл қағып, белгі береді. Бұл кезде ақ халаттылар бірден көмекке ұмтылады.

Гульмира Бакирова –анестезиолог-реаниматолог дәрігер
«Пациенттің реанимациядан аман-есен шығуы ең бірінші реанимацияға дейінгі жағдайына байланысты. Егер пациент ауырған бетте жедел-жірдем шақырып ренимацияға түсетін болса, ол пациентті алып шығу мүмкіндігі жоғары болады».

34 жастағы Гүлмира Бакирова жан сақтау бөлімінде 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қызметі қанша ауыр болса да оны басқасына айырбастамақ емес.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture