Балқашта қыздар арасында баскетболдан Қазақстан чемпионаты өтуде

Балқашта жасөспірім қыздар арасында баскетболдан Қазақстан Чемпионаты өтуде. Оған еліміздің түрлі облысынан 13 команда жиналды. Спортшылар 8 маусымға дейін айналмалы жүйе бойынша үздіктерді анықтайтын болады.

Аяулым мен Томирис БҚО кұрамасының үздік ойыншылары. Допты дәл тигізуден алдарына жан салмайтын баскетболшылар өз командасына қалалық жарыста бірінші, ал облыста үшінші орын сыйлаған. Түрлі жарысқа шығып жүрген спортшылардың басты мақсаты допты тура көздеп, көбірек ұпай жинау.

Томирис Тұрлан-БҚО командасының ойыншысы
«Дәл тигізу жоғары әрі жұмсақ лақтыру керек. Қатты лақтырсаң шитқа тиіп кері өзіңе қайтып келеді. Сондықтан жайлап, сосын кольцоға лақтыру керек.  Екі шакпен кіргенде көп түсіремін. 3ұпайлықтан бір рет салып көрдім ойында».

Бүгін БҚО Астанамен кездесті. Екі команда бұрын да талай ойын өткізген. Оның бәрі де астаналықтардың жеңісімен аяқталыпты. Бас қаладан келгендер бұл жолыда  мықты екендіктерін көрсетті. Ойын көрсеткіші  30-34 есебімен Астананың пайдасына шешілді.

Дарья Головина-Астана командасының ойыншысы
«Біз бұл командамен бұрын ойнағанда кездесу осынша қиын болмаған. Құрама ойыншыларының осы сайысқа жақсы дайындалғандары көрініп тұр. Бірақ біз 4 ұпаймен алға шықтық».

Қазақстан чемпионатына түрлі өңірден 13 команда жиналған. Ойын 2003-2005 жылғы жасөспірімдер арасында айналмалы жүйе бойынша өтуде. Ал, мұндай сайыс Балқашта соңғы рет осыдан 30 жыл бұрын ұйымдастырылған екен.

Дастан Аяпбек-жарыс ұйымдастырушысы
«Қазір бірінші орында келе жатқан команда жоқ. Себебі круговой системада ойнап жатырмыз. Бірақ, примерно екі лидер бар. Старший возростной категорияда Қарағанды мен ЮКО. Ал, младший возростной категорияда Астана мен Қарағанды».

Бұл чемпионатты балқаштық баскетболшылар Қарағанды облысының атағын қорғауда. Бүгінгі күнге дейін 4 ойын өткізген. Әзірге ешбір жеңіліссіз алда келеді. Ал, сайыс 8 маусым күні өз мәресіне жетеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture