Балқашта 6 адам бірнеше жыл бойы із-түссіз жоғалып кеткендердің тізімінде жүр

Балқашта 6 адам із- түссіз кеткендердің қатарында жүр. Олардың арасында әйел адамда бар.Оның екеуі былтыр, кейбірі 8 жыл бұрын үйден шығып кетіп сол беті оралмаған. Бірақ, бірнеше жыл өтсе де жақындары үміттерін үзбей күтіп отыр. Сондықтан, көрген білгендер болса хабарласаңыздар.


Қалада соңғы рет із-түссіз кеткен жан Нұртөлен Тұрсынов. 35 жастағы қала тұрғыны шамамен бір ай бұрын үйден шығып кетіп, сол беті оралмаған. Ол Ақтоғай ауданының тумасы. Қоңырат мөлтек ауданында тұрған. Сол күні үстінде көкшіл сұр футболка, қара шалбар мен туфли киген.

Ал 1976 жылы туылған Келбет Қожабекова есімді тұрғынға әкесі іздеу салады. 41 жастағы келіншек 2016 жылы наурыз айында үйден шығып кеткен. Әкесімен бірге соңғы рет Сәтпаев мөлтек ауданындағы пәтерлерінде кездесіпті. Міне содан бастап із –түссіз жоқ. Келбет сол күні көк джинс шалбарда, қысқа етікте, күртке және ақ бас киімде болған.

Бобровский Дмитрий Михайлович  03.09.1965 ж.  Балқаш тұрғыны, 14.03.2009 жылы жоғалған.

Дакенова Нұржанат Зулхарнаевна, 28.09.1968ж.ж. Қарағанды обылсы, Шет ауданының тумасы. Мекен-жайы: Балқаш қаласы,  Октябрьская, 112/1,  25.03.2010 жылы жоғалған.

Павлов Юрий Федорович 18.06.1938 ж.ж. Ресей Федерациясының тумасы, Балқаш қаласында Ленин 64- 2 мекен-жайында тұрған.  08.04.2013 жылы жоғалып кетті.

Балабуха Александр Игоревич, 16.06.1983 жылғы. Ақмола облысы, Степногорск қаласының тумасы.  20.12.2012 жылы жоғалып кеткен.
Жалпы, 2009 жылдан бастап Балқаш қаласында хабар- ошарсыз кеткен 6 адам бар. Сондықтан, мына азаматтардың бірін көрген білгендеріңіз болса, онда міндетті түрде ішкі істер бөліміне 102-ге хабарласыңыздар. Кез келген ақпараттың маңызы зор.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture