Балқашта №15 мектеп -лицейінің түлектері оқу ордаларының маңына тал екті. Ертең мектеп бітіргелі отырған 19 оқушы 19 түп ағаштарын суарды. Әрбір бала сары бауға тілек-армандарын жазып, талға байлады. Ал жалпы мектеп қабырғасындағы бұл дәстүр жыл сайын үздіксіз жалғасып келеді. Мәселен, былтырғы түлектер 12 дана үйеңкі ағашын отырызса, биылғылар «Гибискус» атты көпжылдық қытай раушаны талын екті.
Ернұр Жамел — №15 мектеп –лицейінің түлегі
«Жалпы жылдағы дәстүр бойынша ағаш отырғызу дәстүрін жалғастырудамыз. Біз 8-ші түлектерміз.Сондықтан атадан мал қалғанша, тал қалсын деп айтады. Артымыздан бір естелік қалсын деп тал отырғызу дәстүрі жалғасып тұрады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login