Балқаштық медицина мамандары жаңа келісімшартпен танысты

Облыстан және Республикадан келген кәсіподақ мүшелері балқаштық медициналық мамандармен кездесті. Аталмыш саланың қызметкерлеріне жаңа еңбек кодексінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп,ашық әңгіме жүргізді.Өйткені, биыл елімізде денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі екіге бөлінгентін. Сол себептен, медициналық саланың жұмыскерлері өзгерген жаңа келісім шартқа отырулары тиіс. Оның ішінде шетелдік дәрігерлер жұмысқа жалпыға бірдей заң бойынша қабылданатын болды. Яғни, оларға қатысты бірыңғай заң жобасы әзірленді.Сонымен қатар, жетекші дәрігерлер үшін сынақ мерзімі шегерілді. Енді маман қысқа уақыттың ішінде міндетін жақсы меңгерсе, басшы бола алады.

Альфия Пересунько-ҚР денсаулық сақтау кәсіподағының бас техникалық инспекторы
«Медициналық қызметкерлер арасында көбінесе жұмыс кестесіне байланысты сұрақтар туындайды. Өйткені, кадрдың жетіспеуінен кешке дейін жұмыста отыруға тура келеді.Және жұмыскерлер еңбекақының уақытылы төленуін сұрайды».

Денсаулық сақтау мамандарын жаңа өзгерістермен толық құлағдар ету үшін арнайы топ елдің барлық өңірлерін аралап шығады. Түсіндірме тобы келесі кезекте Жезқазған қаласына қарай аттанатын болады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture