Қорытынды жаңалықтар 19 мамыр 2017

Шұбар Түбек кентінің маңында ауди мен фургон соқтығысып, бір адам көз жұмды. Оқыс оқиға кеше кешкілік 9 дарда болған. 44 жастағы Жеңі көліктің иесі жедел-жәрдем келгенше, оқиға орнында бірден жап тапсырады.

Беймәлім азаматты өлтірген Балқаш тұрғыны 12 жылға сотталды. 36 жастағы айыпталушы бір топ жігіттермен болған төбелесті, қанды қылмыспен аяқтады. Ал оқиға 5 қаңтар күні болды.

Балқаш тұрғыны орталық ауруханамен соттасып 500 мың теңге ақшаны өндіріп алды. 62 жастағы науқас денсаулығына шағым айтып барып, мүгедек болып қайтқан. Травматолог дәрігер 2012 жылы жол көлік оқиғасына ұшырап, иығын шығарып алған тұрғынның қолына гипс салып үйіне қайтарған.

Белгісіз ер адамның мәйіті. Аты-жөні беймәлім азаматтың денесі 14 мамыр күні Мұхамеджанов мөлтек ауданындағы №28 үйдің ауласында ,кешкітұғырымда табылды.Шамамен 40-45 жастағы ер адамның мүрдесі- орыс ұлтына ұқсақ.

Қатты желдің салдарынан өрт оқиғасы орын алды. Балқаш-1 бекетінде орналасқан үй толығымен жанып кетті. Абырой болғанда, баспана енді салынып жатқандықтан онда ешкім болмаған. Ал төтенше жағдай таңғы сағат 5-тің кезінде орын алды.

Қатаң бақылауда! Шаһар әкімі қалада салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысып қайтты. Асфальт салып, брюсшатка төсеп жатқан мердігер компаниялардың кемшіліктерін шұқып көрсетіп, олқылықтардың дереу жойылуын талап етті.

Балқашта жол құнының қашан көтерілетіні маусым айында белгілі болады. Бүгін әкімдікте қалалық маслихаттың тұрақты комиссия отырысы өтті.

1 маусымнан бастап мектепшілік лагерлер өз жұмысын бастайды. Биыл онда 2700 бала тынығатын болады. Таңғы 9 дан кешкі 4 ке дейін. Ал, 15 күндік демалыстың құны 6000 мен 8000 теңге аралығында. Бұл соманың ішіне күніне 3 рет тамақтану кіреді.

Бүгін Балқаш теміржол вокзалында қауіпті тырысқақ дертін жұқтырған жолаушы анықталды. Мамандар нақты диагоноз қою үшін оны бірден инфекциялық аурухана алып кетті.

Мерейлі мереке. Балқаш мыс қорыту зауытының мысты электролиздеу цехына 65 жыл толды.Аталмыш цехтан 1952 жылы алғашқы шақпақ мысы алынған. Қазіргі күні 4 участікке бөлінген өндіріс алаңында 700-ге жуық маман жұмыс істейді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture