Балқаш жаңалықтары 18 мамыр 2017

Қалалық әкімдік аппаратының жетекшісі мас күйінде ұсталды. Мемлекеттік қызметкерді жол патрульдік полициясымен бірге рейдке шыққан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері түнгі сағат 3-те қалада тоқтатқан.

Жол көлік оқиғаларына қатысты статистика. Былтыр жылдың бастапқы 5 айдың 12 факті тіркелсе, биыл 11 оқиға орын алды.

Арнасынан асқан Балқаш көлі Сарышаған кентінің маңайын басып қалды. Жағадан асқан су аймақты тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отырған, насостық станцияны да шайып кеткен.

Биыл 60 жұмыссыз жаңа мамандықты тегін оқиды. Маусым айында қайта оқыту курстары басталмақ. Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар 3 ай ішінде газбендәнекерлеуші, электромонтер, аспазшы, шаштаразшы секілді мамандықтарды меңгеріп шығады.

Сақтансаң сақтайды. 1 маусымнан бастап Қазақстанның теміржол вокзалдарында тәртіп күшейтіледі. Енді жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен террорлық қауіптен сақтау мақсатында тасымалданатын жүктер тексіреледі.

Балқаш теміржол вокзалында қауіпті тырысқақ дертін жұқтырған жолаушы анықталды. Мамандар нақты диагоноз қою үшін оны бірден инфекциялық аурухана алып кетті.

18 мамыр халықаралық мұражай күні. Айтулы мереке алғаш рет Мәскеуде атап өтілген. Ал біздің қаламызда өлкетану орталығы 1973 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture