Қатты желдің салдарынан өрт оқиғасы орын алды. Балқаш-1 бекетінде орналасқан үй толығымен жанып кетті. Абырой болғанда, баспана енді салынып жатқандықтан онда ешкім болмаған. Ал төтенше жағдай таңғы сағат 5-тің кезінде орын алды. Үйдің қасында тұрған электр бағанасы қатты екпінді желге төтеп бере алмай баспананың шатырына құлаған. Содан тоқтан жалын шығып, қызыл жалын үйге тараған. Сол жерде жұмыс істеп жүрген құрылысшылардың киім-кешектері, төсек орындары әпсәтте күлге айналды. Өртті ауыздықтауға мамандар 1 саға уақыт жұмсаған.
Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы
«Жел қатты болғандықтан өртті ауыздықтау қиын болды. 1 сағат уақыт жұмсалды. Өйткені, желден қызыл жалын тез тұтанды. Ол үшін 20 қызметкер жұмылдырылды».
Түнде соққан дауылдың жылдамдығы секундына 16/18 метр жеткен. Соның кесірінен Сәтпаев мөлтек ауданындағы тамыр терең биік қара ағаш есік алдына құлап, байланыс сымын жұлып әкетті. Және де көпқабатты үйлердің,жеке ғимараттардың шатырлары да ұшып кеткен. Әйтеуір, зардап шеккендер болмады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login