Балқашқа жаңа ФГДС аппараты әкелінді

Орталық емхана бөлімшесі жаңа аппаратпен толықты. 1986 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келген ФГДС құрылғысы жаңартылды. Араға 30 жыл салып ауыстырылған заманауи технологияның құны 17 миллион теңгені құрады.

Эндоскопист дәрігер Сайран Әмірқұлов жаңа аппарат біраз нәрсені жеңілдетті дейді. Мәселен, жаңа ФГДС-пен науқастың азқазанын экран арқылы қарап, суретті 10 есе үлкейтіп көруге мүмкіндік бар. Оған қоса, оптикалық аппараттағы камера ішек жолдарының түстерін автоматты түрде өзгертіп отырады. Яғни, барлығын шынайы көрсетеді.Қажет болса суретке шығарып алуға да болады.
Сайран Әмірқұлов – Орталық емхананың эндоскопист дәрігері
«Ескі аппараттан ерекшелігі мұнда  камерасы бар.Экранға қарайсың. Барлығы анық көрінеді.»
Ал әрбір науқастан кейін асқазан, өңеш, он екі елі ішекті тексеретін құрылғы 20 минутқа тоқтатылады. Өйткені,эндоскопта стерильдеу жұмыстары жүргізіледі. Жуылып, шайылады.Мұның көмегімен асқазандағы қатерсіз өспелерге ота да жасалады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture